Пахлава
- Ұн – 500г
- Ашытқы – 1/2шәй қасық
- Жұмыртқа – 1дана
- Сүт – 1ас қасық
- Тұз – 0,5 шәй қасық
- Жаңғақ – 300г
- Қант – 200г
- Май – 100г
- Бал – 1ас қасық
Ұн , ашытқы, сүт, жұмыртқа және тұз барлығын қосып, жақсылап қамыр илейміз. Қамырымызды 4 бөлікке бөлеміз.
Әр қамырымызды жұқалатып жаямыз да бетіне сары май жағамыз. Қамырымызды ораймыз да доңгелектеп тоңазтқышқа 3 сағатқа салып қоямыз.
Ішіндегі салмасына керекті жаңғағымызды блендрге салып майдалап аламыз.
Енді дайын қамырларымызды жаямыз. Пісіруге арналған ыдысымызды алып қамырымызды саламыз да бетіне майдаланған жаңғақтан саламыз. Дәл осылай қалған қамырымызды жайып жаңғақ салып , үшбұрыштап кесіп әр бөлікктің үстіне жаңғақ қойып пешке салып пісіруге саламыз15 минуттан соң пешті ашып пахлаваның бетіне ерітілген сары майдан құйып, қайта салып пісіреміз.
Балға аз мөлшерде су құйып, баяу отта қайнатып дайын пахлава бетіне құямыз да сіңгенше сәл уақытқа қойып қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын!
Будьте первым, кто ост